Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде көш бастады

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде көш бастады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы WBO жаңартылған рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның рейтингтің көшін бастауына Сауль «Канело» Альварестің тізімнен шығарылуы себеп болды. Мексикалық боксшы келесі жекпе-жегін WBC титулы үшін өткізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты ол ұйымның рейтингінен шықты.

Жәнібек Әлімханұлынан кейін америкалық Диего Пачеко мен даниялық Якоб Банк орналасқан.

Бұл салмақтағы WBO чемпиондық белбеуі британдық Хамза Ширазға тиесілі. Тамыз айында ұйым Жәнібек Әлімханұлын осы титулға міндетті үміткер деп танып, жекпе-жек өткізу жөнінде тараптарға келіссөз бастауды тапсырған болатын.

Бұған дейін қазақстандық боксшы орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеулеріне ие болған. Жазда ол қос титулдан да бас тартып, 76,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне ауысатынын мәлімдеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или