Сабыржан Аққалықов Азия ойындарын сәтсіз бастады

Сабыржан Аққалықов Азия ойындарын сәтсіз бастады

Қазақстандық боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Сабыржан Аққалықов Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Қазақстан өкілі Оңтүстік Корея боксшысы Минсон Киммен кездесті. Аққалықов кездесу қорытындысы бойынша келесі кезеңге өте алмады. Төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіс Оңтүстік Корея боксшысына берілді.

Осылайша, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері турнирдегі алғашқы жекпе-жегінен сүрініп, Азия ойындарында медаль үшін күресу мүмкіндігінен айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или