Айбек Оралбай Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Айбек Оралбай Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Айбек Оралбай Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

90 келіден жоғары салмақтағы ширек финалдық жекпе-жекте Қазақстан өкілі Қырғызстан боксшысы Мырзакир Кошалиевпен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің барлығы Оралбайдың жеңісін тіркеп, қазақстандық боксшы бірауыздан шешіммен жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбайдың қоржынында кем дегенде қола медаль бар. Ал Мырзакир Кошалиев үшін Азия ойындары ширек финал кезеңінде аяқталды.

Айта кетейік, отандасымыз 2025 жылы World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар Азия чемпионатында үш рет – 2022, 2024 және 2026 жылдары топ жарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или