Айбек Оралбай Азия ойындарының финалына жолдама алды

Айбек Оралбай Азия ойындарының финалына жолдама алды

Бокстан Қазақстан құрамасының  капитаны Айбек Оралбай Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

90 келіден жоғары салмақта өткен жартылай финалда қазақстандық боксшы Үндістан өкілі Нарендерді айқын басымдықпен жеңді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің барлығы Оралбайдың жеңісін тіркеп, есеп 5:0 болды.

Айбек Оралбай кездесудің алғашқы секундтарынан бастап рингте толық басымдық танытты. Ол бірінші және екінші раундта бес төрешінің де картасында жеңіске жетті. Ал шешуші үшінші раундта капитан үндістандық қарсыласын нокдаунға түсіріп, жеңімпазға қатысты барлық сұрақтың нүктесін қойды.

Енді Оралбай Азия ойындарының алтын медалі үшін Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) – Амир Эсмаили Вандаи (Иран) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или