Қазақстандық боксшы Таиландта чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Таиландта чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Теміржан Баймолда (10-1, 6 КО) Таиланд астанасында титулдық жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3 желтоқсанда Бангкок қаласында өтеді. Жекпе-жекте WBC Asian Silver чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

«Джентльмен» лақап атымен танымал қазақстандық боксшының қарсыласы таиландтық Сакда Лангкабам (13-9, 8 КО) болмақ.

Баймолда ұзақ үзілістен кейін алғаш рет рингке шығады. Ол өткен жылдың қыркүйегінде ресейлік Данис Габдрафиковтен (6-0, 2 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп, кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған еді.

Ал Лангкабам соңғы жекпе-жегін 25 қазанда Бангкокта өткізіп, отандасы Варитпон Срихабандитті (1-6, 1 КО) мерзімінен бұрын жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама