Құрдастарының арасында Головкиннің шоқтығы биік
ESPN Boxing шолушылары Стив Ким мен Дэн Рафаэль 31 жастан 40+ жасқа дейінгі ең үздік боксшылардың тізімін жасады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл тізімде IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2019 жылы 37 жасқа толған боксшылардың арасында ең үздігі деп танылды.
37 жас категориясында отандасымыз Нонито Донэйр, Морути Мталане, Жан Паскаль, Донни Ньетес, Юриокис Гамбоа, Мартин Маррей, Салливан Баррера сынды боксшылардан үздік шықты.
Әр жас санатындағы үздік боксшылар:
31 жас – Василий Ломаченко (14-1, 10 KO)
32 жас – Теренс Кроуфорд (36-0, 27 KO)
33 жас – Йорденис Угас (23-4, 11 KO)
34 жас – Деонтей Уайлдер (42-0-1, 41 KO)
35 жас – Элейдер Альварес (24-1, 12 KO)
36 жас – Сергей Ковалев (34-4-1, 29 KO)
37 жас – Геннадий Головкин (42-1-1, 35 KO)
38 жас – Кубрат Пулев (28-1, 14 KO)
39 жас – Гильермо Ригондо (19-1, 13 KO)
40 жас – Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 KO)