GGG – «Канело»: Не биыл қыркүйекте өтеді, не мүлде өтпейді
Sports Illustrated басылымының тілшісі Крис Мэнникс мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін уақытты атады, деп жазады Prosports.kz.
Сарапшының сөзінше, қос боксшы арасында кезекті жекпе-жек өтуі мүмкін жалғыз сәт - билығы жылдың қыркүйек айы. Ал бұдан қалса Альварес - Головкин кездесуі мүлде өтпейді.
«GGG – «Канело» арасындағы үшінші кездесу: не биыл қыркүйекте өтеді, не мүлде өтпейді. Головкин келесі жекпе-жегінде жақсы қырынан көрінуі керек (бұл жекпе-жек сәуір айына ауыстырылуы мүмкін). Егер «Канело» қыркүйек айында онымен жекпе-жек өткізбесе, бұл кездесу ешқашан өтпеуі мүмкін», - деп жазды Мэнникс Twitter-дегі жеке парақшасында.
Головкиннің жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілуі мүмкін
Жанкүйерлер «Канело» - GGG жекпе-жегін күтіп жүр
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или