Live
Спорттағы коронавирус
Бокс

Головкиннің жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Головкиннің жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Головкиннің промоутері Эдди Хирн бұған дейін отандасымыздың 28 наурызда польшалық боксшы Камил Шереметамен кездесуі мүмкін екенін айтқан еді. 

Алайда Хирн бұл күні өзге бір супер жекпе-жекті - украиндық Александр Усик пен британиялық Дерек Чисора кездесуін ұйымдастырғысы келеді. Sky Sports-қа берген сұқбатында промоутер бұл жекпе-жекті 28 наурызда Лондондағы «О2-Аренада» өткізгісі келетінін айтты.

Егер бұл күні Усик - Чисора кездесуі өтсе, Головкиннің IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы Шереметамен жекпе-жегі өтпейді. Онда бұл кездесу сәуір не мымыр айына шегерілуі мүмкін. 

Айта кетейік, бұған дейін GGG 29 ақпанда шаршы алаңға шығады делінген. Алайда ақпан айының соңғы күні Майки Гарсия мен Джесси Варгас жекпе-жегі өтетіндіктен, Головкинге наурызға дейін күте тұруға тура келген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
GGG

GGG

Геннадий Геннадьевич Головкин бокс жаңалықтары онлайн, келесі жекпе-жег, Толығырақ

Пікірлер 0