Бокс

Жанкүйерлер «Канело» - GGG жекпе-жегін күтіп жүр

Жанкүйерлер «Канело» - GGG жекпе-жегін күтіп жүр
news-banner7
mobile-news-top

Танымал Complex.com сайты жанкүйерлер 2020 жылы көргісі келетін ең үздік жекпе-жектердің тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл тізімде қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек те бар. Бұл кездесу аталған тізімде үшінші орында тұр.

Ал биылғы жылдың үздік жекпе-жегі болудан Теренс Кроуфорд пен Эррол Спенс кездесуі басты үміткер. Екінші орында Василий Ломаченко мен Гервонта Дэвис жекпе-жегі орналасқан. Сонымен қатар, Джош Тейлор - Хосе Рамирес және Энтони Джошуа - Александр Усик кездесулері төртінші, бесінші сатыда тұр.

Айта кетейік, Головикн мен Альварес арасындағы бірінші жекпе-жек тең аяқталды, ал екінші кездесуде мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Асыға күткен алты реванш. Тізімде «Канело» - GGG жекпе-жегі де бар

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер