Бокс

Головкин - Шеремета жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Головкин - Шеремета жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жек жайлы соңғы жаңалықтармен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

Эдди Хирннің айтуынша, Головикн мен міндетті қарсылас Шеремета арасындағы кездесу 11 сәуірде өтуі мүмкін. Бірақ бұл әлі нақты емес. Бұған дейін жекпе-жек 29 ақпанда, кейінірек 28 наурызда өтеді делінген. Кейін аталған күндерде GGG жекпе-жек өткізбейтіні белгілі болды.

«Бұл мүмкіндікті біз егжей-тегжей қарастырып жатырмыз, бірақ әлі түпкілікті шешілген жоқ. Әрі осы жекпе-жектің Қазақстанда өтуі де ғажап емес», - дейді Matchroom Boxing басшысы.

Айта кетейік, Головкин кәсіпқой боксқа ауысқалы Қазақстанда бір ғана жекпе-жек өткізген. 2010 жылы 16 желтоқсанда астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Панама боксшысы Нильсон Хулио Тапианы (15-3-1, 11 KO) үшінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атағын бірінші рет қорғаған.

Бұған дейін Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда бұл жекпе-жек 28 наурызда өтпей қалуы мүмкін екені айтылды. Сарапшылар бұл кездесудің сәуір не мымыр айында өтуі мүмкін екенін межелейді.

Головкиннің жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Жанкүйерлер «Канело» - GGG жекпе-жегін күтіп жүр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер