Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі қарсыласы белгілі болды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі ықтимал қарсыластарын білді. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда франциялық Лоа Буассонмен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Егер Рыбакина жарысты сәтті жалғастырса, кейінгі кезеңдерде америкалық Кэти Макнэлли, бельгиялық Элизе Мертенс, ресейлік Диана Шнайдер, америкалық Аманда Анисимова және польшалық Ига Швёнтекпен кездесуі мүмкін. Ал финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен жолы түсуі ықтимал.
Айта кетелік, Уимблдон-2026 турнирі 29 маусым мен 12 шілде аралығында Лондонда өтеді. Елена Рыбакина бұл сайыстың 2022 жылғы чемпионы саналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или