Рыбакина Токиодағы турнирдің ширек финалынан жарақатына байланысты бас тартты

Рыбакина Токиодағы турнирдің ширек финалынан жарақатына байланысты бас тартты

Токиода өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің ширек финалында күтпеген жағдай орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина канадалық Лейла Фернандеспен өтетін Toray Pan Pacific Open Tennis турнирінің ширек финалдық кездесуінен бас тартты. Теннисшілер тіпті бірде-бір доп алмасуға да үлгермеген.

WTA баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін чемпионы жарысты жарақатына байланысты жалғастыра алмайтын болған. Осылайша, канадалық теннисші ешқандай ойын өткізбей-ақ жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның 27 жастағы өкілі екінші айналымда Юлия Путинцеваны жеңіп, 2026 жылдың қорытындысы бойынша WTA рейтингінде бірінші орынды сақтап қалатынына кепілдік алған еді.

Енді жанкүйерлер мен жаттықтырушылар штабының басты назары Рыбакинаның қалпына келуіне және WTA қорытынды турниріне дайындығына аударылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама