Елена Рыбакина 2026 жылғы титул саны бойынша жеке-дара көш бастады

Елена Рыбакина 2026 жылғы титул саны бойынша жеке-дара көш бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымда WTA турнирлерінде ең көп титул жеңіп алған спортшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Opta Ace статистикалық ресурсы мәлімдеді.

26 жастағы теннисші кезекті жүлдесін Қытайдың Нинбо қаласында өткен жарыста жеңіп алды. Финалда Рыбакина канадалық Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде ұтты.

Нинбодағы жеңіс қазақстандық спортшыға биылғы маусымдағы төртінші титулын әкелді. Бұған дейін ол Australian Open, Штутгарттағы турнир және US Open жарыстарында чемпион атанған.

Осы нәтижесінің арқасында Рыбакина биыл үш титулдан жеңіп алған Беларусь өкілі Арина Соболенко мен ресейлік Мирра Андрееваны басып озды.

Сонымен қатар Нинбодағы жеңіс қазақстандық теннисшінің WTA турындағы кәсіби мансабындағы 15-ші титулы болды. Осылайша, Рыбакина жүлделер қорын толықтырып, әлемдік теннистегі позициясын нығайта түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама