Қазақстанның бірінші ракеткасы Данилина Қытайдағы беделді турнирдегі өнерін аяқтады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Данилина Қытайдағы беделді турнирдегі өнерін аяқтады

Бейжіңде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирде қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда ол америкалық Дезире Кравчикпен бірге Жаңа Зеландия өкілі Эрин Рутлифф пен индонезиялық Алдила Сутджиадиге қарсы ойнады. 1 сағат 26 минутқа созылған матчта қазақстандық-америкалық жұп 4:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Бірінші айналымда Данилина мен Кравчик жапониялық Сюко Аояма және Тайвань өкілі Лян Ен-Шуды 6:3, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Осылайша, жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалға өте алмай, жарыстан шығып қалды. WTA-ның жаңартылған рейтингінде Данилина алтыншы орында тұр. Ол 540 рейтингтік ұпайынан айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или