Рыбакинаның Маусым қорытындысы турниріндегі қарсыластары анықталды

Рыбакинаның Маусым қорытындысы турниріндегі қарсыластары анықталды

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында 2026 жылғы WTA Маусым қорытындысы турнирінің топтық кезеңіндегі қарсыластар анықталды. Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы әрі жарыстың қазіргі чемпионы Елена Рыбакина бірінші топқа түсті, деп жазады Prosports.kz.

Әлемдік рейтинг көшбасшысының топтық кезеңдегі қарсыластары америкалық Кори Гауфф пен Джессика Пегула, сондай-ақ чехиялық Линда Носкова болады.

Рыбакина чемпиондық атағын қорғау жолындағы алғашқы кездесуін Носковаға қарсы өткізеді. Матч 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады. Одан кейін қазақстандық теннисші Гауфф және Пегуламен кездеседі.

Екінші топта Беларусь өкілі Арина Соболенко, чехиялық Каролина Мухова, ресейлік Мирра Андреева және украиналық Элина Свитолина бақ сынайды.

Жарыс ережесіне сәйкес, айналмалы жүйе бойынша өтетін топтық кезеңнің қорытындысында әр топтан үздік екі теннисші жартылай финалға жолдама алады.

Әлемнің үздік сегіз теннисшісі қатысатын беделді турнир 15 қарашаға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама