Александр Бублик әлемдік рейтингте алты сатыға төмендеді
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей сындағы әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик бірден алты сатыға төмендеп, әлемдік рейтингте 26-орынға жайғасты. Қазіргі таңда ол еліміздің үздік теннисшісі мәртебесін сақтап отыр.
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко да жаңартылған тізімде 107-орынға тұрақтады.
Ал әлемдік рейтингтің көшін алғаш рет Германия өкілі Александр Зверев бастады. Ол италиялық Янник Синнерді екінші орынға ығыстырды. Үздік үштікті испаниялық Карлос Алькарас түйіндеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или