Лейла Фернандес Токиода ширек финалға шықты

Лейла Фернандес Токиода ширек финалға шықты

Канадалық теннисші Лейла Фернандес Токиода өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдік рейтингте 23-орында тұрған Фернандес екінші айналымда дүниежүзілік рейтингтің 14-сатысындағы бельгиялық Элизе Мертенсті жеңді. Турнирде бесінші нөмірмен тіркелген қарсыласын канадалық теннисші екі сетте ұтты.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу 6:2, 7:6 (10:8) есебімен аяқталды.

Енді Фернандес ширек финалда қазақстандық Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама