реклама

Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирде өнер көрсетуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұптық сында қазақстандық спортшы ширек финалдан сүрінбей өтіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жібек бұл турнирде Нидерланд өкілі Изабелла Хаверлагпен бірге өнер көрсетіп жатыр. Олар жартылай финалға шығу үшін Мария Козырева мен Ұлыбритания өкілі Майя Ламсденге қарсы ойнады. Қарсыластар аталған жарыстың бірінші нөмірлі жұбы ретінде тіркелген.

Тартысты өткен кездесу қазақстандық-нидерландтық дуэттің жеңісімен аяқталды. Құламбаева мен Хаверлаг үш партияның қорытындысы бойынша 3:6, 6:3, 10:8 есебімен басым түсті. Матч 1 сағат 23 минутқа созылды.

Алғашқы партияда жеңілген Жібек пен Изабелла екінші сетте қарқынын арттырып, есепті теңестірді. Ал шешуші чемпиондық тай-брейкте қарсыластарынан 10:8 есебімен басым түсті.

Осылайша, Құламбаева мен Хаверлаг Гуанчжоудағы турнирдің жартылай финалына шығып, чемпиондық атақ үшін күресті жалғастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама