Ига Швёнтек Серена Уильямстың көрсеткішінен асты
Польшалық теннисші Ига Швёнтек WTA-1000 санатындағы турнирлерде жеңіске жеткен матчтар саны бойынша америкалық Серена Уильямстың көрсеткішінен асып түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Opta статистикалық порталының мәліметінше, бұл көрсеткіш 2009 жылдан бері өткізіліп келе жатқан WTA-1000 турнирлеріне қатысты.
14 қазанда Швёнтек отандасы Магдалена Френхті 6:2, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңді.
Бұл 25 жастағы польшалық теннисшінің WTA-1000 турнирлеріндегі 149-шы жеңісі болды. Осылайша, ол 148 жеңісі бар Серена Уильямстан озып, тарихи рейтингте жеке-дара жетінші орынға көтерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или