Елена Рыбакина WTA рейтингінде көш бастап тұр
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде көш бастап тұр. Әлемнің бірінші ракеткасында 9696 ұпай бар, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемдік рейтингтің үздік ондығы төмендегідей:
1. Елена Рыбакина (Қазақстан) – 9696 ұпай
2. Арина Соболенко (Беларусь) – 7550 ұпай
3. Мирра Андреева (Ресей) – 6371 ұпай
4. Джессика Пегула (АҚШ) – 6225 ұпай
5. Кори Гауфф (АҚШ) – 5974 ұпай
6. Элина Свитолина (Украина) – 5024 ұпай
7. Каролина Мухова (Чехия) – 4773 ұпай
8. Линда Носкова (Чехия) – 4679 ұпай
9. Ига Швёнтек (Польша) – 3999 ұпай
10. Марта Костюк (Украина) – 3910 ұпай
Айта кетейік, биыл Қазақстанның үздік теннисшісі «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирде жеңіске жеткен. Қаңтарда Australian Open, ал қыркүйекте US Open турнирінің чемпионы атанған.