Янник Синнер 2026 жылғы маусымын мерзімінен бұрын аяқтады
Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер 2026 жылғы маусымдағы өнерін мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Италиялық теннисші денсаулығын қалпына келтіруге көңіл бөлу үшін қалған турнирлерге қатыспау туралы шешім қабылдады.
Спортшының айтуынша, жақын арада тізесіне қатысты мәселеге байланысты қажетті ем қабылдауы керек. Синнер емдеу курсы аяқталғаннан кейін толықтай қалпына келіп, кортқа оралуды жоспарлап отыр.
«Бұл шешімді дәрігерлермен бірге қабылдадық. Соңғы екі жылда көптеген жағымды эмоцияға бөлендім, алайда 2026 жыл мен үшін басқаша өрбіді. Мен мансабымның ұзақ мерзімді болашағын ойлауым керек. Қолдауларыңыз үшін алдын ала рақмет», – деді Синнер әлеуметтік желідегі видеосында.
Қазіргі ATP рейтингінде 25 жастағы италиялық теннисші көш бастап тұр.