Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалды
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 16 қарашадағы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 8099 ұпаймен әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтап қалды.
Жақында аяқталған WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы, ресейлік Мирра Андреева 7806 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Ал беларусь теннисшісі Арина Соболенко үшінші сатыға сырғыды.
WTA рейтингінің үздік ондығы (16 қараша):
1. Елена Рыбакина (Қазақстан) – 8099 ұпай;
2. Мирра Андреева (Ресей) – 7806;
3. Арина Соболенко (Беларусь) – 6685;
4. Кори Гауфф (АҚШ) – 6163;
5. Джессика Пегула (АҚШ) – 6160;
6. Элина Свитолина (Украина) – 5921;
7. Линда Носкова (Чехия) – 4743;
8. Каролина Мухова (Чехия) – 4665;
9. Ига Швёнтек (Польша) – 4188;
10. Марта Костюк (Украина) – 3910.
Сондай-ақ ресейлік Диана Шнайдер мансабындағы ең жоғары 11-орнын сақтап қалды.