Мирра Андреева әлемдік рейтингте үшінші орынға көтеріледі
Ресейлік теннисші Мирра Андреева мансабындағы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бейжіңде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің финалына шыққан спортшы рейтинг жаңартылғаннан кейін мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің үшінші сатысына көтеріледі.
Жартылай финалда ресейлік теннисші WTA рейтингінде 34-орында тұрған чехиялық Никола Бартуньковадан басым түсті. Кездесу Андрееваның 6:2, 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды.
Бейжіңдегі турнирдің финалында Мирра бельгиялық Элизе Мертенс пен қытайлық Чжэн Циньвэнь арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Андреева үшін 2026 жылғы маусым сәтті өтіп жатыр. Оның еншісінде жекелей сында үш титул бар. Олардың қатарында Франция ашық чемпионатындағы («Ролан Гаррос») жеңісі де бар. Сонымен қатар ресейлік теннисші WTA қорытынды турниріне қатысу құқығын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.