Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирін екінші айналымнан бастайды
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Шанхайда өтетін ATP-1000 турниріндегі алғашқы кездесуін екінші айналымнан бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисшінің алғашқы матчтағы екі ықтимал қарсыласы анықталды. Алайда нақты қарсыласы іріктеу кезеңі мен негізгі кезең арасындағы кездесулердің бірінің қорытындысы бойынша анықталады.
Отандасымыз әлемнің 22-ракеткасы қытайлық Чжан Чжичжэнь мен чехиялық Томаш Махач арасындағы кездесудің жеңімпазына қарсы ойнайды. Қазіргі таңда ATP рейтингінде Қытай өкілі 75-орында, ал Чехия теннисшісі 166-сатыда тұр.
Шанхайдағы турнир хард жабындысында 7-18 қазан аралығында өтеді. Бублик жарысқа екпе себілген теннисшілер қатарында болғандықтан, негізгі кезеңнің алғашқы айналымын өткізеді.
Қытайдағы турнирдің басты фавориттері қатарында германиялық Александр Зверев, испаниялық Карлос Алькарас және америкалық Бен Шелтон бар. Үшеуі де жарыста жоғары орынға ие болып, екпе себілген ойыншылар қатарына енді.
Өткен жылғы турнирдің жеңімпазы Монако өкілі Валантен Вашеро болды. Биыл ол чемпиондық атағын қорғауы тиіс.