Карлос Алькарас Токиодағы турнирдегі келесі қарсыласын білді

Карлос Алькарас Токиодағы турнирдегі келесі қарсыласын білді

Карлос Алькарас Токиода өтіп жатқан турнирдегі алғашқы кездесуін АҚШ өкілі Алекс Микельсенді жеңіп, жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің үшінші ракеткасы үш сетке созылған матчта 7:6 (7:1), 4:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылды. Алькарас бес эйс жасап, бес рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ 13 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

Микельсен бұл матчта бірде-бір эйс жасай алмады. Америкалық теннисші төрт рет қос қателік жіберіп, 13 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.

Турнирдің келесі кезеңінде Алькарас италиялық теннисші Маттео Арнальдимен кездеседі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или