Медведев доп тиген жанкүйердің жағдайын білу үшін ауруханаға барды
Даниил Медведев Пекинде өткен ATP-500 турнирінің жартылай финалында жағымсыз жағдайға тап болған жанкүйердің жағдайын білу үшін ауруханаға барды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік теннисші Новак Джоковичпен матч кезінде доп бетіне тиген көрерменді арнайы барып көрген. Бұл туралы журналист Лоренцо Эрколи мәлімдеді.
Оқиға матчтың соңына қарай болды. Сол сәтте Медведев Джоковичтен 5:7, 3:5 есебімен жеңіліп жатты. Сербиялық теннисші кездесуді жеңіспен аяқтауға жақын тұрған.
Ресейлік спортшы ойындардың бірінде ұпайдан айырылғаннан кейін жанында жатқан допты ракеткасымен ұрып жіберген. Доп трибунаға қарай ұшып, көрермендердің бірінің бетіне тиген.
Осы жағдайға байланысты жартылай финал мерзімінен бұрын аяқталды. Төреші мен жарыс супервайзері болған оқиғаны бағалап, Медведевті дисквалификациялау туралы шешім қабылдады. Осылайша Джоковичке жеңіс беріліп, сербиялық теннисші турнирдің келесі кезеңіне өтті.
Матчтан кейін Медведев жағдайды назардан тыс қалдырмай, жарақат алған жанкүйер жатқан ауруханаға барған. Ол көрерменнен жеке өзі кешірім сұрап, қолдау білдірді.
«Даниил Медведев жанкүйерден жеке өзі кешірім сұрау үшін ауруханаға барды.
Көрерменнің жағдайы жақсы. Ауыр жарақат алғаны туралы ақпарат жоқ. Алайда ол денсаулығына қатысты қосымша ақпарат беруге әзір емес», – деп жазды Эрколи.