Арина Соболенко Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Қазақстан атынан өнер көрсететін Елена Рыбакинамен спорттық бәсекелестігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Биыл қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирдің финалында Соболенконы жеңді. Олар Australian Open және US Open жарыстары. Сонымен қатар қыркүйек айында Рыбакина WTA рейтингінде көш бастады.
«Маған бәсекелестік қатты ұнайды. Бұл салауатты бәсекелестік. Тек екеуміз ғана емес, барлық теннисші бір-бірімізді жақсырақ болуға ынталандырып жүргенімізді сеземін.
Кейде рейтингте төмендейсің, ұпай жоғалтасың немесе финалда жеңілесің. Бірақ дәл осындай жағдайлардан сабақ аласың. Мен үшін биылғы маусым ауыр жеңілістерден сабақ алып, оларды дамуға түрткі ретінде пайдаланумен өтті. Жаңа қадамдар жасап, шеберлігімді арттырудың жолдарын іздедім және қайтадан рейтингтің шыңына оралуға тырыстым.
Бұл бәсекелестіктен үлкен ләззат аламын», — деп келтіреді Соболенконың сөзін Punto de Break.