Рыбакина Ningbo Open турнирінің ширек финалына шықты

Рыбакина Ningbo Open турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайда өтіп жатқан Ningbo Open турнирінде чемпиондық атақ үшін күресті жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

WTA рейтингінде бірінші орында тұрған отандасымыз WTA 500 санатындағы жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Екінші айналымда Рыбакинаның қарсыласы әлемдік рейтингте 105-орында тұрған өзбекстандық Полина Кудерметова болды. Алайда кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 5:0 есебімен алға шыққан кезде Кудерметова ойынды жалғастырудан бас тартты. Теннисшілер кортта 33 минут өткізді.

Ширек финалда Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 128-орында тұрған польшалық Катажина Кавамен кездеседі. Ал Полина Кудерметова үшін Нинбодағы жарыс аяқталды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама