Қазақстан құрамасы Пара Азия ойындарында тағы медальдар жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Пара Азия ойындарында тағы медальдар жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Пара Азия ойындарында медаль қорын толықтыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, отандық параспортшылар дзюдо, садақ ату, ядро лақтыру және параүстел теннисінен жүлдеге ие болды.

Дзюдодан Жанбота Аманжол күміс медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшы J2 санатында 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға тұрақтады.

Садақ атудан W1 санатында өнер көрсеткен Нұршат Төлеуқасым да ұлттық құраманың қоржынына медаль салды. Ол қола жүлде үшін өткен кездесуде Таиланд өкілі Супхават Самутчайякиджді 6:2 есебімен жеңді.

Қазақстандықтар ядро лақтырудан да сәтті өнер көрсетті. F36 санатында Дастан Мұқашбеков 15,47 метр нәтижемен күміс медаль иеленсе, Иван Зелезняк 12,71 метр көрсеткішпен қола жүлдеге қол жеткізді.

Параүстел теннисінен де Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті. Жүлдегерлер қатарында Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы бар.

XD20 санатындағы аралас жұптық сында қазақстандық дуэт жартылай финалда Гонконг өкілдері Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға есе жіберді. Кездесу 3:0 есебімен қарсыластар пайдасына аяқталды. Үш партияның барлығында Гонконг спортшылары басым түсті – 11:7, 11:4, 11:8.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында Пара Азия ойындарының 41 медалі бар. Оның 10-ы – алтын, 12-сі – күміс, 19-ы – қола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама