Путинцева Саккариді жеңіп, Токиода Рыбакинамен кездеседі

Путинцева Саккариді жеңіп, Токиода Рыбакинамен кездеседі

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты. Енді ол отандасы Елена Рыбакинамен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдік рейтингте 67-орында тұрған Путинцева негізгі кезеңнің алғашқы матчында WTA рейтингінің 30-сатысындағы Грекия өкілі Мария Саккаримен кездесті. Қазақстандық теннисші турнирдің негізгі кезеңіне іріктеу арқылы жолдама алған еді.

Матч 2 сағат 28 минутқа созылды. Юлия алғашқы партияны 6:4 есебімен жеңгенімен, екінші сетте 3:6 есебімен есе жіберді. Шешуші партияда қазақстандық спортшы ойын тізгінін толық қолға алып, қарсыласын 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Кездесу барысында Путинцева екі эйс жасап, қос қателікке жол берген жоқ. Сондай-ақ өзі иеленген 16 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланды.

Турнирдің келесі кезеңінде қазақстандық жанкүйерлерді екі отандасымыздың тартысты кездесуі күтіп тұр. Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен ойнайды. Рыбакина турнирде бірінші нөмірмен тіркелгендіктен, жарысты екінші айналымнан бастайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама