Қазақстандық 15 теннисші Венгриядағы халықаралық турнирде бақ сынайды

Қазақстандық 15 теннисші Венгриядағы халықаралық турнирде бақ сынайды

29 қазан мен 1 қараша аралығында Венгрияның Сомбатхей қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender Szombathely 2026 халықаралық жастар турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан үстел теннисі федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыста 35 елдің жас спортшылары жүлделерді сарапқа салады. Турнирге 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі санаттар бойынша қатысушылар бақ сынайды.

Венгрияның көне қалаларының бірінде өтетін бәсекеде Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды. Олар: Жания Бекмұхамбетова, Дулат Ералхан, Игитали Сұлтанмуратов, Бақдәулет Саурбай, Кирилл Берников, Дагир Данияров, Арайлым Сапабек, Мансұр Сүйіндік, Николай Чернозубов, Арсен Асатулла, Медина Амандық, Женис Жастлек, Әнел Ақатаева, Арлан Ахметов және Тамирис Рамазан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама