Рыбакина Тобиді келесі жылы жарыстарға ертіп баруы мүмкін

Рыбакина Тобиді келесі жылы жарыстарға ертіп баруы мүмкін

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина күшігі Тобиді қай уақыттан бастап жарыстарға бірге алып жүруді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін чемпионы әзірге үй жануарының жасы кішкентай болғандықтан, онымен бірге сапарға шығуға дайын емес.

Баспасөз мәслихатында теннисшіден жарыс кестесінің тығыздығы мен тұрақты сапарларды ескере отырып, итін кортқа алып келуді жоспарлай ма деп сұрады.

«Иә, ол ұл күшік. Мен оны Қытайға сапарға шығардан бір апта бұрын ғана алдым. Әзірге тым кішкентай. Сондықтан бірге баратын болса, келесі жылы ғана. Барлық турнирге емес, бірақ кейбіріне міндетті түрде ертіп барамын», — деп жауап берді Рыбакина.

Қазан айының ортасында қазақстандық спортшы ит асырап алғанын және оған Тоби деп ат қойғанын хабарлаған еді. Қазір теннисші жаңа міндеттерге біртіндеп үйреніп жүр. Алайда әзірге кішкентай күшігін жарыстарға бірге алып баруды жоспарламайды.

Келесі маусымда Тоби иесін кейбір турнирлерде сүйемелдеуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама