WTA испандық теннисшіге қаралы лента тағуға рұқсат бермеді
Әлемдік рейтингте 86-орында тұрған испаниялық теннисші Кейтлин Кеведо WTA-250 санатындағы Гуанчжоу турнирінің ширек финалында қаралы лента тағуға рұқсат ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осылайша спортшы 28 қазанда Испанияда болған теміржол апатынан қаза тапқандарға құрмет көрсеткісі келген. Marca басылымының мәліметінше, екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 69 адам көз жұмған.
Қазіргі уақытта Кеведо жарыстың жартылай финалына шығу үшін Швейцария өкілі Хиль Белен Тайхманмен кездесіп жатыр.
Дереккөздің хабарлауынша, WTA өкілдері теннисшіге жарыс ережесі қара түсті киім элементтерін пайдалануға рұқсат бермейтінін түсіндірген. Оның орнына қара түстен басқа кез келген түсті лента тағу ұсынылған.
Айта кетейік, бұған дейін осындай бастамаға Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рұқсат берген. Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған испаниялық Рафаэль Ходар Валантен Вашеромен кездесуге ойын жейдесінің жеңіне қаралы лента тағып шыққан.