Жибек Құламбаева Польшадағы жарыстың жұптық сынында финалға шықты

Жибек Құламбаева Польшадағы жарыстың жұптық сынында финалға шықты

Қазақстандық теннисші Гданьск қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жұптық сынында жартылай финалдан сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құламбаева венгриялық Амарисса Тотпен бірге финалға шығу үшін эстон-чех жұбы Елена Малыгина мен Ивана Себестоваға қарсы матч өткізді.

Бір сағат 24 минут ішінде Жибек пен Амарисса екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Титуалдық кездесуде Құламбаева мен Тот жартылай финалдағы Лаура Хитаранта (Финляндия) / Джоэль Лилли-Софи Штор (Германия) - Вероника Фальковска (Польша) / Джорджин Гарсия-Перес (Испания) жұбының жеңімпазымен ойнайды.


Тимофей Скатов Уимблдон іріктеуінің финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или