Алматыда өткен ITF J100 турнирінің жеңімпаздары белгілі болды

Алматыда өткен ITF J100 турнирінің жеңімпаздары белгілі болды

Алматыдағы ЦСКА теннис орталығының топырақ жабынды корттарында ITF J100 санатындағы халықаралық жасөспірімдер турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс 15-21 маусым аралығында өтіп, оған Қазақстаннан және бірқатар шетел мемлекеттерінен келген 18 жасқа дейінгі болашағынан зор теннисшілер қатысты.

Турнир ITF World Tennis Tour Juniors сериясының бір бөлігі болып табылады және Халықаралық теннис федерациясының ресми жарыс күнтізбесіне енгізілген. Қатысушылар чемпиондық атақтармен қатар әлемдік жасөспірімдер рейтингінде есепке алынатын рейтингтік ұпайлар үшін де бақ сынады.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:

  • Ұлдар (жекелей сында) - Дьордже Сапич (Сербия)
  • Қыздар (жекелей сында) - Сяотун Ван (Қытай)
  • Ұлдар (жұптық сында) - Махмудбек Бекназаров / Ахмаджон Тошмұхамедов (Өзбекстан)
  • Қыздар (жұптық сында) - Альбина Какенова / Сатима Төреген (Қазақстан)


Қазақстанда халықаралық деңгейдегі турнирлердің өткізілуі отандық теннисшілер үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Өз алаңдарында өнер көрсету арқылы жас спортшылар маңызды жарыс тәжірибесін жинақтап, мықты шетелдік қарсыластармен бәсекеге түсуге және әлемдік рейтингте жоғарылау үшін қажетті ұпайларды еншілеуге мүмкіндік алады. 

Бублик ATP рейтингінде өз орнын сақтады

Құламбаева WTA рейтингінде жоғарылады

Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны анықталды

Дереккөз: ҚТФ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или