Бублик әлемдік рейтингте өз орнында қалды

Бублик әлемдік рейтингте өз орнында қалды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орында италиялық Янник Синнер көш бастап тұр. Екінші орында испаниялық Карлос Алькарас, ал үшінші сатыда неміс теннисшісі Александр Зверев орналасқан. Америкалық Тейлор Фритц тоғызыншы орыннан жетінші орынға көтеріліп, ресейлік Даниил Медведевті тоғызыншы орынға ығыстырды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өз орнын өзгеріссіз сақтап, 11-орында қалды. Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко екі сатыға төмендеп, 98-орынға түсті. Тимофей Скатов та екі орынға төмен түсіп, 178-орынды иеленді.

Құламбаева WTA рейтингінде жоғарылады

Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны анықталды

Елена Рыбакина Германиядағы турнирден неге бас тартты?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или