Елена Рыбакина: «Қосымша тексеруден өтуім керек…»

Елена Рыбакина: «Қосымша тексеруден өтуім керек…»

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің екінші нөмірі Елена Рыбакина Германияның Бад-Хомбург қаласында өтетін WTA-500 турниріне қатыспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Теннисші оң жақ жамбастың жайсыздығына байланысты жарыстан бас тартуға мәжбүр болғанын айтты. Оның сөзінше, алдағы шешімдерді қабылдау үшін алдымен медициналық тексеруден өту қажет.

«Өкінішке қарай, оң жақ жамбастағы жайсыздыққа байланысты Бад-Хомбург турнирінен бас тартуға тура келді. Келесі қадамдарға қатысты шешім қабылдамас бұрын медициналық командамен кеңесіп, қосымша тексеруден өтуім керек. Түсіністік пен қолдау үшін рақмет» деді ол. 

Айта кетелік, Бад-Хомбург турнирі 21–27 маусым аралығында өтеді.

Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирдің екінші кезеңіне өтті


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или