Қазақстандық теннисші ITF W15 турнирін сәтті бастады
Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Сербияның Куршумлийска-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың бірінші айналымында ол алаң иесі, сербиялық Гала Ивановичке қарсы кортқа шығып, тартысты өткен кездесуде екі сетте де тай-брейк арқылы жеңіске жетті — 7:6 (8:6), 7:6 (7:3).
Осы нәтижемен Сағындықова турнирдің екінші айналымына өтті. Келесі кезеңде ол испаниялық Ана Хиральди Рекенамен кездеседі.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші жұптық сында да өнер көрсетіп жатыр. Ол чехиялық Амели Хейтманекпен бірге ширек финалда австриялық-сербиялық Эма Пикорусевич / Стаса Србулович дуэтіне қарсы ойнайды.
Айта кетейік, 21 жастағы Аружан Сағындықова ITF турнирлерінде 6 титул жеңіп алған. Қазіргі WTA рейтингінде ол 667-орында тұр.
Қазақстандық теннисші Болгариядағы турнирді сәтті бастады
Рыбакина ширек финалға шыққаны үшін қанша табыс тапты
Астанада арбадағы теннистен ел чемпионаты басталды