Рыбакинаның рейтингтегі орны белгілі болды

Рыбакинаның рейтингтегі орны белгілі болды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы, Елена Рыбакина әлемдік рейтингте екінші орнын сақтап қалды. Ал көш басында Беларусь өкілі Арина Соболенко тұрса, үшінші сатыда польшалық Ига Швёнтек орналасқан.

Үздік ондыққа чехиялық теннисші Линда Носкова көтеріліп, үш сатыға жоғарылап, оныншы орынға жайғасты.

Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева рейтингте 85-орнын сақтап қалды.

Жұптық сында көш басында чехиялық Катерина Синякова, америкалық Тейлор Таунсенд және канадалық Габриэла Дабровски тұр.

Ал Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина алтыншы орнын сақтап қалды.

Елена Рыбакина Германиядағы турнирден неге бас тартты?

Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирдің екінші кезеңіне өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или