Тимофей Скатов Ұлыбританиядағы турнирді сәтті бастады
ATP рейтингінде 178-орында тұрған қазақстандық теннисші Тимофей Скатов 2026 жылғы Уимблдон іріктеуінің бірінші кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеудің алғашқы кездесуінде Скатов әлемде 247-орында тұрған аргентиналық Алекс Барренамен кездесіп, 6-3, 7-6 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 48 минутқа созылды.
Айта кетейік, 2026 жылғы Уимблдонның жалпы жүлде қоры рекордтық 64,2 миллион фунт стерлинг. Ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей турнирлердің жеңімпаздары 3,6 миллион фунт стерлингтен, ал финалистер 1,8 миллион фунт стерлингтен алады. Ширек финалистер 480 000 фунт стерлинг, ал турнирдің негізгі кезеңінде кем дегенде 80 000 фунт стерлинг алады.
Құламбаева WTA рейтингінде жоғарылады
Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны анықталды
Елена Рыбакина Германиядағы турнирден неге бас тартты?