Өзбекстан құрамасы ширек финалда алты жеңіске қол жеткізді

Өзбекстан құрамасы ширек финалда алты жеңіске қол жеткізді

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының екінші кезеңінде Өзбекстан құрамасы ширек финалда алты жеңіске қол жеткізіп, үш боксшысы жарысты аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалға Нигина Уктамова, Ситора Турдибекова, Асилбек Жалилов, Абдумалик Халоков, Жавохир Умматалиев және этникалық қазақ Арман Маханов жолдама алды. Осылайша олар кем дегенде қола медальді өз қоржындарына салды.

Ал Шавкатжон Болтаев қазақстандық Абылайхан Жүсіповтен 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Сондай-ақ Жавохир Абдурахимов пен Феруза Казакова да ширек финалдан аса алмады. Ал аса ауыр салмақтағы қазақ дербиінде Арман Маханов Қытай намысын қорғаған Данабек Байқонысты 3:2 есебімен жеңді.

Айта кетелік, Әлем кубогының екінші кезеңі 21 маусымға дейін жалғасады. Жартылай финалдық жекпе-жектер 20 маусым күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или