Әлем кубогы: Тимур Нұрсейітов 1/2 финалға шыға алмады

Әлем кубогы: Тимур Нұрсейітов 1/2 финалға шыға алмады

Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

75 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Нұрсейітов ширек финалда осы салмақтың басты фавориті, әлем чемпионатының финалисі Рами Киванмен (Болгария) жолықты.

3 раундқа жалғасқан жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңісті қарсыласқа берді. Есеп: 5:0.

Айта кетейік, Тимур Нұрсейтов әлем кубогына алғаш рет қатысып отыр. 

Бесінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Виктория Графеева жартылай финалға шықты

Назым Қызайбай әлем кубогының жартылай финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или