Әлем кубогы: Виктория Графеева жартылай финалға шықты

Әлем кубогы: Виктория Графеева жартылай финалға шықты

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бесінші жарыс күні ширек финалдық кездесулер өтуде. Әлем чемпионатының жүлдегері, 60 келіде фаворит саналатын Виктория Графеева алғашқы жекпе-жегінде Графеева Оңтүстік Корея өкілі, Азия ойындарының чемпионы және Азияның үш дүркін жеңімпазы Иеонжи Охқа еш мүмкіндік бермеді.

Алғашқы раундта төрешілер қарсыластың белсенділігін жоғары бағалағанымен, қалған уақытта жерлесіміз жекпе-жектің бағытын өзгертіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал 2025 жылғы Қазақстан чемпионы, 70 келіге көтерілген Лаура Есенкелді турнирді жүлдесіз аяқтады. Ол 1/4 финалда жарыс қожайыны, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Люмен күш сынасты. Үш раундқа жалғасқан бәсекеде 5:0 есебімен жергілікті боксшы жеңіске жетті.

Әлем кубогы: Бесінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Назым Қызайбай әлем кубогының жартылай финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или