«Соқыр болып қалуым мүмкін еді». Спенс Пакьяоға қарсы өтпей қалған жекпе-жегін еске алды

«Соқыр болып қалуым мүмкін еді». Спенс Пакьяоға қарсы өтпей қалған жекпе-жегін еске алды

Жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Эррол Спенс 2021 жылы тамызда өтуі тиіс болған атақты Мэнни Пакьяоға қарсы жекпе-жектің өтпей қалғанына өкінбейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

Америкалық боксшы көру қабілетіне байланысты күрделі проблема туындағандықтан, жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болған. Спенстің айтуынша, жаттығу жиыны кезінде-ақ көзінде ақау барын сезген, алайда соңына дейін рингке шығуға тырысқан.

Боксшы медициналық тексеріс барысында дәрігерден рингке шығуына рұқсат беруді сұраған. Ол кез келген құжатқа қол қоюға дайын екенін әрі жарақаттанған көзіне соққы тигізбеуге барынша тырысатынын айтқан. Алайда дәрігер тағы бір ауыр соққы тисе, көру қабілетінен толық айырылуы мүмкін екенін ескертіп, тәуекелге бармауды ұсынған.

Қазір Спенс дәрігерлердің шешімі дұрыс болғанын, бұл оның мансабын ғана емес, денсаулығын да сақтап қалғанын айтады.

«Егер сол кезде жекпе-жекке шығып, ауыр жарақат алғанымда, бәлкім бүгінге дейін мансабымды жалғастыра алмас едім. Одан кейін менде ірі жекпе-жектер мен жақсы гонорарлар болды. Сондықтан қазір сол жекпе-жектің өтпей қалғанын тағдырдың жасырын сыйы ретінде қабылдаймын», – деді америкалық боксшы.

Айта кетейік, 25 шілдеде Спенс үш жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралады. Ол Аустралияда Тим Цзюға қарсы жекпе-жек өткізеді. 

Абылайхан Жүсіпов өзбек боксшысын жеңді

Виктория Графеева жартылай финалға шықты

Назым Қызайбай әлем кубогының жартылай финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или