Аида Әбікеева әлем кубогы кезеңінің 1/2 финалына шықты

Аида Әбікеева әлем кубогы кезеңінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

65 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Әбікеева ширек финалда АҚШ өкілі Марие Росендомен кездесіп, жеңіске жетті.

3 раундқа жалғасқан жекпе-жекте төрешілер жеңісті 4:1 есебімен біздің боксшыға берді. 

Осылайша, Аида бұл әлем кубогының биылғы екінші кезеңінде кем дегенде қола медальге қол жеткізді. 

Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінде Қазақстан атынан 17 боксшы (тоғыз ер және сегіз қыз) қатысып жатыр. Турнир 21 маусымда аяқталады.

Әлем кубогы: Тимур Нұрсейітов 1/2 финалға шыға алмады

Виктория Графеева жартылай финалға шықты

Назым Қызайбай әлем кубогының жартылай финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или