Айбек Оралбай әлем кубогында медальге қол жеткізді
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
90 келіден жоғары салмақта бақ сынайтын Айбек ширек финалда англиялық Мэттью Уильямспен кездесіп, жеңіске жетті.
Үш раундқа жалғасқан жекпе-жекте Оралбай 5:0 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Осылайша, Айбек әлем кубогының биылғы екінші кезеңінде кем дегенде қола медальге қол жеткізді.
Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінде Қазақстан атынан 17 боксшы (тоғыз ер және сегіз қыз) қатысып жатыр. Турнир 21 маусымда аяқталады.
Аида Әбікеева әлем кубогы кезеңінің 1/2 финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или