Елена Рыбакина күтпеген жеңіліске ұшырады

Елена Рыбакина күтпеген жеңіліске ұшырады

Германияның Берлин қаласында өткен WTA 500 турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина күтпеген жеңіліске ұшырап, жарысты 1/8 финал кезеңінде аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші ракетка саналған Рыбакина филиппиндік Александра Эаламен кездесіп, екі сетте 5:7, 4:6 есебімен жеңілді. Осылайша фавориттердің бірі саналса да, турнирден ерте шығып қалды.

Бұл нәтиже жанкүйерлер үшін сенсация болды, себебі Рыбакина жарысқа екінші нөмірмен тіркеліп, чемпиондыққа негізгі үміткерлердің бірі ретінде қаралған еді.

Айта кетелік, Берлиндегі турнирдің жеңімпазы 161 310 еуро және 500 рейтингтік ұпайға ие болады.

Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирдің екінші кезеңіне өтті




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или