1XBET - ставки на спорт

Елена Рыбакина Лондондағы турнирден шығып қалды

Елена Рыбакина Лондондағы турнирден шығып қалды

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші Лондондағы WTA 500 турнирінің ширек финалында әлемдік рейтингіде 73-орындағы ұлыбританиялық Кэти Бултермен кездесті. 

Бейсенбі күнгі ойындар кейінге қалдырылғандықтан, 12 маусымда теннисшілерге екі матч өткізуіне тура келді. К.Бултер екінші айналымда румыниялық Жаклин Кристианмен бәсекесі 1 сағаттан астам уақытқа созылды. Ал Е.Рыбакина германиялық Татьяна Мариямен кездесуге 2 сағат 9 минутын жұмсады.

Сондықтан біршама тың көрінген К.Бултер екі сағат 38 минутқа созылған тартысты бәсекеде 5:7, 6:2, 4:6 есебімен жеңіске жетті.

Рыбакина ширек финалға шыққаны үшін қанша табыс тапты

Рыбакина Лондондағы жарыста камбэк жасады

Билли Джин Кинг: Қазақстанның қарсыласы белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или