1XBET - ставки на спорт

Рыбакина Лондон турнирін сәтті бастады

Рыбакина Лондон турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-ші орында) Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 Queen's Club Championships турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Рыбакина неміс теннисшісі Татьяна Мариямен (52-ші орында) кездесіп, қарсыласын үш сетте жеңді — 6:7, 7:5, 6:0. Осылайша, Елена Queen's Club Championships турнирінің ширек финалына шықты.

Лондон турнирінің биылғы жүлде қоры 1 915 000 АҚШ долларын құрайды. Жекелей сында жеңімпаз 294 445 АҚШ доллары мен 500 рейтингтік ұпай жинайды. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или