Билли Джин Кинг: Қазақстанның қарсыласы белгілі болды
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 22-27 қыркүйекте өтетін командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталмыш турнир алдында жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жеребе қорытындысы бойынша қазақстандықтар ширек финалда Испания құрамасымен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ ширек финалда Италия Қытаймен, Украина Бельгиямен, Чехия Ұлыбританиямен ойнайды.
Әр матч үш ойыннан: екі жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Өткен жылы командалық әлем чемпионатында Италия құрамасы үздік шыққан болатын.
Еске салсақ, биыл қазақстандық теннисші қыздар сәуірде елордада іріктеу матчында Канаданы 3:1 есебімен ұтып, финалдық кезеңге жолдама алған еді.
Александр Бублик Штутгарттағы турнирді сәтті бастады
Жұптық сында Қазақстанның үздігі Лондон турниріндегі жолын бастайды
Александр Бублик Штутгарттағы турнирдің жұптық кезеңін сәтті бастады